Кен орындары қоры таяу болашақта таусылуы мүмкін – Брекешев

23 Маусым 2022, 16:12
2637
Бөлісу:
Кен орындары қоры таяу болашақта таусылуы мүмкін – Брекешев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев геология саласының дамуы туралы дөңгелек үстелде айтты.  

Пайдалы қазбаларды қарқынды өндіруге байланысты әсіресе экономикасын тау-кен өндірісі және тау-кен металлургиясы құрайтын өнеркәсіп дамуына қорлардың уақытылы толықтырылуын қамтамасыз ету қажет. Тиісті толықтырусыз көптеген кен орындар, қорлар таяу болашақта таусылуы мүмкін, - деді ол өз сөзінде.  

Сонымен қатар министр осыған байланысты мемлекеттік геологиялық зерттеуді жандандыру талап етілетінін, ол кейіннен перспективалы алаңдар мен объектілерді анықтау жөніндегі негіз екенін айтты.  

Бұл ретте 2020-2022 жылдары мемлекеттің жер қойнауын геологиялық зерттеуге бөлінген мемлекеттік салым 25,8 миллиард теңгені құрады. Әлем тәжірибесінде инвесторлар өз қаражатын болжамды ресурстары бар перспективалы учаскелер базасы қалыптасқан жұмыстың ерте сатыларын мемлекет есебінен жүргізген елдерде кен орындарын салуда, - деді ол. 

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында министр геология саласының алдында геологиялық зерттеуді арттыру, перспективалы учаскелерді анықтау, геология саласының инфрақұрылымын және геология ғылымын дамыту сияқты негізгі міндеттерді атады.

Өзгелердің жаңалығы