Келесі жылы оңай болмайды – Үкімет басшысы

27 Желтоқсан 2022, 11:44
2064
Бөлісу:
Келесі жылы оңай болмайды – Үкімет басшысы

Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында өткен жылды қорытындылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін – Үкіметтің осы жылдағы соңғы отырысы. Жалпы еліміз үшін бұл жыл оңай болған жоқ – қайғылы «Қаңтар оқиғасынан» бастап әлемдік маңызы бар бірқатар қиын жағдай болды. Алайда, қиындықтарға қарамастан, халқымыздың ынтымағы мен ауызбіршілігінің арқасында біз Қазақстанда бейбітшілік пен тыныштықты сақтап қалдық, - деді Әлихан Смайылов.

Смайыловтың айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдына 2023 жылы және одан кейінгі 7 жыл бойы тиімді іске асырылуы тиіс бірқатар міндет қойған.

Үкімет Президентіміздің саяси және әлеуметтік реформаларын іске асыру үшін барлық қажетті шара қабылдайды. Келесі жыл да оңай болмайды. Бірақ біз қойылған мақсаттарға жетуіміз керек. Ол үшін нақты жоспарларымыз бар. Жаңа жылда еңбектеріңіз жемісті болсын. Баршаңызға зор денсаулық, табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Келе жатқан жаңа 2023 жылмен құттықтаймын!, - деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы