Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Кеген ауданында нөсер жаңбыр салдарынан болған қирандыларды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Кеген ауданы Республикалық маңызы бар «Көкпек - Кеген – Түп»- «Жалаңаш - Саты - Көлсай көлі» жолының 10-11 км аралығында 23 күні нөсер жаңбыр салдарынан жол жиегін шайып кеткен.
Аталған учаскеде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу мекемесі, аудан әкімшілігі, полиция қызметкерлері, ДЭУ-91 мекемесінің өкілдері тарапынан кезекшілік ұйымдастырылып, жол қозғалысы қалпына келтірілді.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында табиғат салдарынан орын алған жағдайды қалпына келтіру жумыстары жүргізілуде.