Қазақстандықтар жыл басынан бері 566,3 келі алтын сатып алған

18 Қазан 2020, 18:04
1436
Бөлісу:
Қазақстандықтар жыл басынан бері 566,3 келі алтын сатып алған

Алматы, BAQ.KZ. Пандемия кезінде халықтың басым көпшілігі инвестицияны алтынға салған. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады.

Ұлттық банктің мәліметтеріне сүйенсек, 2020 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығында ел тұрғындары екінші деңгейлі қаржы ұйымдарынан және банктік есеп ақша айырбастау пуктерінен жалпы салмағы 566,3 келі 13 мың дана алтын құймасын сатып алған.  

Коронавирустық инфекция пандемиясы кезінде халықтың көбі алтынға инвестиция салғаны байқалады.  

Жыл басынан бері елде саудаланған бағалы металдың жартысынан көбін алматылықтар сатып алған. Мегаполис 55% көрсеткішімен өңірлер бойынша көш бастап тұр.

Оңтүстік астанадан кейінгі орында 14% көрсеткішімен Атырау, 10% көрсеткішімен Нұр-Сұлтан алдыңғы қатарда. Ал өзге өңірлер елде саудаланған алтынның 21%-ын сатып алған.

Өзгелердің жаңалығы