Қазақстандық тағы бір файтер UFC-ге бағыт алды

10 Қаңтар 2021, 23:43
1295
Бөлісу:
Қазақстандық тағы бір файтер UFC-ге бағыт алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аса жеңіл салмақта NFC чемпионы Асу Алмабаев (12-2) 2021 жылдағы жоспарын бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Файтердің Instagram желісіндегі жазбасына сенсек, Алмабаев октагонға ақпанда оралатын секілді. 

Жаттығу жалғасып жатыр, келесі аялдама ақпанда. Биыл көптеген өзгеріс болады деп ойлаймын. Мен сіздер үшін, отбасым үшін және өзім үшін тырысамын. UFC-ге аз қалды, -– деді файтер. 

 

Еске салайық, 24 желтоқсанда Алмабаев бірінші раундта Дархан Сқақовты жеңіп, бос салмақтағы NFC чемпиондық белбеуін жеңіп алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы