Қазақстандық файтер Мәскеудегі жекпе-жегінде жеңіске жетті

4 Желтоқсан 2020, 23:40
1500
Бөлісу:
Қазақстандық файтер Мәскеудегі жекпе-жегінде жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Азамат Марқабаев (7-3) EFC 30 турнирінде өткізген жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Мәскеуде өткен аралас жекпе-жек кешінде Азамат Марқабаев жергілікті спортшы Селем Евлоевтен (4-3) басым түсті. Ол екінші раундта қарсыласының қолына ауырту әдісін жасап жеңді. 

Айта кетейік, Азамат Марқабаев биыл үш жекпе-жек өткізіп үлгерді. Бұған дейін ол GFC мен FNG біріккен турнирінде Никита Балтабаевқа төрешілердің шешімімен есе жіберді.

Өзгелердің жаңалығы