Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан бастаған қазақстандық делегация Кабул қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі.
Сапар барысында Қазақстанның Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетуі, сондай-ақ сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселелері талқыланады.
Қазақстан БҰҰ агенттіктерімен бірлесе отырып, Ауғанстан халқына гуманитарлық көмекті одан әрі кеңейту бойынша ынтымақтасуға ниетті.
Қазақстандық делегация Кабул қаласына жұмыс сапарымен барды
Алдыңғы жаңалық
#Тәуелсіздік30. Ат спорты фестивалі. Теңге ілу
Келесі жаңалық
Елде өңдеу өнеркәсібінің көлемі артқан
Өзгелердің жаңалығы