Қазақстанда ҮЕҰ үшін жаттықтырушыларды дайындау басталады

6 Тамыз 2021, 16:58
4464
Бөлісу:
Қазақстанда ҮЕҰ үшін жаттықтырушыларды дайындау басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҮЕҰ академиясы 2021 жылдың 15 тамызына дейін жалғасатын «ТОТ – Жаттықтырушыларға арналған тренинг» білім беру бағдарламасына өтінімдер қабылдауды бастады.

«ҮЕҰ академиясы» - бұл ҮЕҰ өкілдеріне арналған қажетті құқықтық және басқарушылық білімдердің бірінші жүйелендірілген курсы. Жоба 2020 жылы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен үкіметтік емес секторды дамытуға жағдай жасау мақсатында басталды. ҮЕҰ-ы үшін бірнеше оқыту бағыттарын жүргізетін академия енді жаңа бағдарламаны іске қосады.

Бағдарламаға жаңа құзыреттер алу үшін жұмыс істеп жүрген жаттықтырушылар да, үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері де – ҮЕҰ өкілдерін оқытудың жеке бағдарламасын әзірлеу үшін қатыса алады. Оқудан өткен барлық қатысушыға сертификаттар беріледі.

Оқыту бағдарламасы 16 тамызда басталып, 13 қыркүйекте аяқталады. Осы уақыт ішінде қатысушылар заманауи білім беру жүйелерін, білім берудегі цифрлық технологияларды трансформациялау саласында білім алады, тренинг құрылымын, оның түрлері мен бағыттарын түсінеді, білім беру процесінің дизайны деген не және тренингте топтық динамикамен қалай жұмыс істеу керектігін және тағы басқаларды үйренеді. Оқыту бағдарламасын аяқтағаннан кейін, қатысушыларды бір ай бойы менторлар қолдайтын болады.

Бағдарламаға қатысу үшін қатысушылардың ҮЕҰ секторында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі және маркетинг, фандрайзинг, жобаларды басқару, әлеуметтік жобалау, әлеуметтік кәсіпкерлік, есептілік жазу, ұйым қызметін жоспарлау, волонтерлермен жұмыс, бизнес-жоспарлар/бизнес-модельдер құру, стратегиялық ойлау, тиімді басқару дағдылары, дизайн-ойлау (креативті ойлау) сияқты салаларда білімі, тәжірибесі және дағдылары болуы қажет.

Қатысуға өтінім беру үшін үміткер өз парақшасында ұзақтығы 1 минуттан аспайтын бейне визитка жариялауы керек, онда үміткер өзі туралы (аты-жөні, жұмыс орны), бағдарламаға қатысу мақсаты туралы, ҮЕҰ-ны оқыту үшін қандай бағдарлама өткізуді жоспарлап отырғаны, тренингтер өткізу тілі, неге дәл ол бағдарламаға қатысу керек, @academy_npo парақшасын белгілеп, өзінің аккаунтын ашу керек.

Сонымен қатар vigovskaya@kazmediation.kz электрондық поштасына жақсы сападағы фото және қысқаша түйіндеме (А4 жарты беті, ҮЕҰ секторындағы жұмыс тәжірибесі, байланыс деректері, әлеуметтік желілердегі бейне-визиткаға сілтеме) жіберуі керек.

Бағдарламаның жаттықтырушылары мен менторлары: Лина Стрыгина, Регина Лариошина, Мадина Билялова сияқты 25 жылдан астам оқу бағдарламаларын өткізу тәжірибесі бар сертификатталған жаттықтырушылар мен ментор-коучтер.

Өзгелердің жаңалығы