Киіктердің төлдеуі кезінде фото және бейнетүсірілімге тыйым салынбақ

20 Мамыр 2021, 21:45
9642
Бөлісу:
Киіктердің төлдеуі кезінде фото және бейнетүсірілімге тыйым салынбақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология министрлігі киіктердің төлдеуі кезінде бейне және суретке түсіруге толық тыйым салмақ.

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі киіктердің төлдеуі кезінде бейне және фотоға түсіруге толық тыйым салуды реттейтін арнайы құжат әзірлеп жатыр. Осы бағыттағы жұмыс орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті арқылы күшейтілетін болады, - делінген хабарламада.

Ведомство бұған дейін мұндай норма қабылданбағанын атап өтті.

Әлемдегі киіктердің  90% -дан астамы біздің елде. Мұнда Бетпақдала, Орал және Үстірт атты киіктің үш популяциясы мекендейді, - делінген хабарламада. 
Осы ретте ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ибраева кері байланыстың маңыздылығын атып өтті.
Әлеуметтік желіде құралайдың суреттеріне байланысты талқы әлі қызып тұр. Өздеріңіз байқап жүргендей, біз жұмысымызда әрқашан «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын негізге аламыз. Біз үшін кері байланыс маңызды. Бастысы - халықтың азаматтық позициясы артып, болып жатқан жағдайларға бейжай қарамайтыны қуантады, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Ведомство өкілі осы фототүсірілімдерге қатысты өз ойын білдірді.

Мен де өз кезегімде Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті рұқсат берген фототүсірілімге қатысты тағы да пікір білдіргім келеді. Оспан Әлінің киікті қорғаймын деп құрбан болған Ерлан Нұрғалиевтің құралаймен түскен әйгілі фотосының авторы екенін білесіздер. Туынды киіктерді қорғаудың символына айналып кетті десе де болады. Ал соңғы түсірген суреттерінің мақсаты - сұлу табиғатымызды көрсетіп, насихаттау, адамдардың сұлу жануарға махаббатын ояту арқылы қорғауға атсалысуға итермелеу еді. Әйтпесе, жай ғана қызығушылық танытып, құралаймен суретке түсе беруге болмайтынын бәрі түсінуі керек, - деді ол.

Соңғы кездегі жағдайлар жануарлар әлемі, орман шаруашылығына қатысты тақырыптар ерекше қадағалауды қажет ететінін тағы бір көрсетті. 

Дегенмен, төлдеу уақытының маңыздылығын ескере отырып, мен салаға жаны ашитын, бейжай қарамайтын адам ретінде төлдеу маусымында видео-фототүсірілімдерге мүлдем тыйым салатын арнайы құжат әзірлеуге басшылылққа өтініш беруге шешім қабылдадым. Себебі, дәл қазіргі уақытта ондай нақты регламент жоқ екен. Бұл шараны Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетімен талқылайтын боламыз. Соңғы кездегі жағдайлар жануарлар әлемі, орман шаруашылығына қатысты тақырыптар ерекше қадағалауды қажет ететінін тағы бір көрсетті. Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге, мамандармен бірге түсіндіру жұмыстарын жүргізуге әрқашан дайынмын. Бұл бағыттағы жұмыстар Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті арқылы күшейе түседі, - деді Самал Ибраева.


Өзгелердің жаңалығы