Қазақстанда ЭКО жасату арзан

17 Желтоқсан 2020, 17:17
1907
Бөлісу:
Қазақстанда ЭКО жасату арзан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы PERSONA халықаралық клиникалық репродуктология орталығының бас директоры Вячеслав Локшин «ЭКО және репродуктивті денсаулық: 2021 жылы пациенттерді қандай өзгерістер күтіп тұр» атты онлайн дәріс барысында айтты. 

Акушер-гинеколог, репродуктолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Вячеслав Локшин еліміздегі ЭКО жасату арқылы балалы болудың мән-жағдайын баяндады. Оның айтуынша, өзге елдермен салыстырғанда Қазақстанда ЭКО жасату арзан.

Бізде ЭКО жасату мен дәрілерін қосқанда 1 млн теңгенің айналасында. Бұл долларға шаққанда 2 мың доллардай. Батыс және көрші елдермен салыстырғанда бізде ЭКО жасату айтарлықтай арзан, - дейді академик.

Дәріс барысында профессор ЭКҰ дегеніміз не, бұл қызметті қалай тегін алуға болады, бүгінде экстракорпоралды ұрықтандыруға қанша квота бөлінеді, осы рәсімді жүргізу кезінде қандай тәуекелдер бар және интернеттегі «мифтерге» сенуге бола ма, сондай-ақ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа Кодексте халықтың репродуктивті денсаулығы туралы не айтылған? Осы және өзгеде сауалдарға жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы