Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

3 Наурыз 2021, 14:40
1926
Бөлісу:
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшылары АХҚО-ның Халықаралық соты және Арбитраж орталығының, Қаржылық қызмет көрсету жұмысын реттеу жөніндегі комитеттің, Ислам қаржысы мен бизнесі жөніндегі хабтың, Жасыл қаржылар орталығының жұмысымен танысты.   

Сонымен қатар екі ел президенттеріне Экспат орталығының, АХҚО биржасының, Үздіксіз кәсіби даму бюросы мен Қаржы технологиясы хабының қызметтері туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровқа Қаржы орталығының бірқатар әзірлемелері, атап айтқанда, e-Justice электронды сот төрелігінің жүйесі мен TABYS мобильді қосымшасы таныстырылды.

Іс-шара соңында «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов келешекте АХҚО-ның филиалын Бішкекте, ал Қырғызстанның Инвестиция тарту жөніндегі агенттігінің өкілдігін Қаржы орталығында ашуды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы