Қазақстан қытайлық вакцинаның 1 млн дозасын сатып алды

27 Сәуір 2021, 17:30
2085
Бөлісу:
Қазақстан қытайлық вакцинаның 1 млн дозасын сатып алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Препараттың алғашқы партиясы елге сәуірде жеткізіледі.

BaigeNews.kz хабарлауынша, жақында Қазақстанға қытайлық Hayat-Vax вакцинасының 1 млн дозасы әкелінеді.

Бұл Sinopharm компаниясының препараты. Бірақ БАӘ-де өндірілген. Вакцинаның сатып алуды «Самұрық Қазына» әл-ауқат қоры қаржыландырды, - деп хабарлады «СК-Фармация» баспасөз қызметі. 

Вакцинаның бір дозасының құны 31,1 доллар екен. 

Айта кетейік, Hayat-Vax вакцинасының 400 мың дозадан тұратын бірінші легі елге сәуірдің соңында жеткізіледі. Қалғаны - мамырда әкелінеді деп күтілуде.



Өзгелердің жаңалығы