Қазақстан бизнесмендерін бес елде қорғайтын заң қабылданды

18 Наурыз 2021, 12:41
2205
Бөлісу:
Қазақстан бизнесмендерін бес елде қорғайтын заң қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаттары тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне және тауар шығарылған жерлердің атауларына патент беруге қатысты заңды қабылдады.

Енді Қазақстанда кәсіпкерге берілген патент ЕАЭО-ға қатысушы барлық елдердің аумағында жарамды болады. Ал бұл дегеніміз, бір құжатты ғана алған бизнесмен бес мемлекеттің аумағында қорғалатын болады. 

Шарт бір өтінім беру арқылы тауар таңбасы мен қызмет көрсету таңбасына және тауар шығарылған жерлердің атауына қатысты Еуразиялық экономикалық одақ аумағында бірыңғай қорғау құжатын алудың өңірлік жүйесін құруға бағытталған. Тауар белгілерін тіркеудің бірыңғай тетігін енгізу олардың ЕАЭО бүкіл аумағында құқықтық қорғалуын күшейтуге мүмкіндік береді, - дейді сенатор Қанатбек Сафинов.

Оның айтуынша, осының бәрі инвестициялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді, ал инвесторларға бұл саладағы өз қызметін жоспарлау оңайырақ болады.

Сенатор сонымен қатар, Қазақстанда кәсіпкерге берілген патент ЕАЭО-ға қатысушы барлық елдердің аумағында жарамды болатынын жеткізді. 

Ал бұл дегеніміз, бір құжатты ғана алған бизнесмен бес мемлекеттің аумағында қорғалатын болады. Сенаторлардың бұл шешімі кәсіпкерлерге уақыт пен ақшаны едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұрын өтінім беруші патент алу үшін Одақтағы бес елдің патенттік мекемелеріне бес елдегі мемлекеттік рәсімдер бойынша жеке-дара өтінім беру қажет болатын, - дейді депутат.

Оның айтуынша, бұрын халықаралық жүйе бойынша өтінім беру үшін оны аудару, дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына баж салығын төлеу, сондай-ақ бір жыл ішінде ол өтінімді қарауды күту қажет болатын. Бұл заң сондай-ақ елдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға да мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы