Достық үйінде "Каз омәсе" мерекесі тойланды

23 Желтоқсан 2019, 10:02
4150
Бөлісу:
Достық үйінде "Каз омәсе" мерекесі тойланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордалық Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен "Таң" татар-башқұрт этномәдени орталығы "Каз омәсе" атты ежелгі татар мерекесін атап өтті.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі хабарлады.

Алғашқы сөз Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайыноваға берілді. 

Этномәдени орталықтың Ассамблея өмірінде маңыздылығы зор. "Каз омәсе" мерекесін тойлау арқылы біз жаңа дәстүрдің түрімен танысып, қазақ халқымен ұқсастығына көз жеткізіп жатырмыз. Әрбір шаңыраққа денсаулық пен молшылық тілеймін, - деп хатшылық меңгерушісі жиналған қауымды мерекемен шың жүректен құттықтады.

DSC_0434.JPG

"Балапанды күзде санайды" демекші, ауыл тұрғындары қаз өсіретін ағайын-туыс, ауылдастарына көмектесіп, қол ұшын береді. Бірінші бәрі жабылып, бір үйдің қаздарын сойысып, жүнін жұлысып болған соң, келесі үйге қолғабыс етеді. Одан бөлек, "қарға ботқасы", "сәламәтлек" секілді ұлттық мерекелерімізді әлі күнге дейін тойлап келеміз, - деп атап өтті елордалық "Таң" татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы Сергей Садыков.

"Таң" татар-башқұрт этномәдени орталығының жастары татар халық билері мен әндерін, қызықты ойындар мен викториналық сұрақтарды көрермендер назарына ұсынды. Сондай-ақ, кеш қонақтары қазды бөлу шеберлігі мен мерекенің ерекшеліктерімен толықтай таныса алды.

Айта кетейік, "Каз омәсе" қазақ тіліне аударғанда "Қаз қауырсыны" деген мағынаны білдіреді. Бұл мереке – кез келген татар ауылының өміріндегі ерекше оқиға болып саналады. Дәстүр бойынша мереке күні қаздың еті пісіріледі. 

Сондай-ақ, болашақ қалыңдықтар бір-бірімен түрлі жарыстар бойынша сынға түсіп, әзіл мен ән айту шеберлігінен жарысатын болған.

Өзгелердің жаңалығы