KAZ Minerals вакцина алған қызметкерлеріне ақшалай сертификат беріп жатыр

6 Маусым 2021, 00:15
1885
Бөлісу:
KAZ Minerals вакцина алған қызметкерлеріне ақшалай сертификат беріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 вакцинациясының толық курсынан өткен қызметкерлер 30 мың теңге сомасына тұрмыстық техника дүкенінің сертификаттарын алады, деп хабарлайды altaynews.kz.

KAZ Minerals тобы халықты жаппай вакцинациялауды қолдау үшін осындай акцияны іске қосты. Акция ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.

Коронавирустық вакцинаның екі компонентін де алатын кәсіпорынның барлық қызметкерлері қолында вакцинация паспорты бар болса, бұл сертификатты сыйлыққа ала алады және «Sulpak» кез келген дүкенінде осы сомаға тауар сатып ала алады, – деді KAZ Minerals Корпоративтік байланыстар департаментінің менеджері Ермек Дүзкенев.
Сертификаттарды алу үшін сіз өз кәсіпорныңыздың қызмет немесе кадрлар бөлімінің өкілдеріне вакцинация паспортын ұсынуыңыз керек.

Сондай-ақ компания вакцинацияны қолдау бойынша түрлі акцияларға қарамастан, азаматтар өздері үшін вакцинацияның қажеттілігін түсінуі керек екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы