Катармен ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән беріледі – Мамин

14 Қараша 2019, 16:00
2118
Бөлісу:
Катармен ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән беріледі – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Катар премьер-министрінің орынбасары Хамад бин Абдулазиз әл-Каваримен келіссөздер өткізді, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.

Катар ‒ Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды саяси серіктесі. Біздің елдеріміз арасында Қазақстанның Тұңғыш президенті ‒ Елбасы Н. Назарбаев пен Катардың жоғары басшылығы негізін салған сенімді әрі ашық саяси диалог орнаған. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев сыртқы саясаттағы сабақтастықты ұстана отырып, Катармен ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береді, - деді Асқар Мамин.
Үкімет басшысы сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты арттыру үшін үлкен әлеуеттің бар екенін атап өтті.

Елдер арасында визасыз режим орнаған, осы жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтан мен Доха арасында тікелей рейстер ашылады деп жоспарлануда. Алдағы уақытта тұрақты рейстер аптасына 7 рет тек астаналар арасында ғана емес, сонымен қатар Алматы мен Доха арасында да, сондай-ақ, Қазақстанда енгізілген ашық аспан режимі аясында "әуе еркіндігінің" бесінші дәрежесімен аптасына 7 жүк рейсі орындалатын болады.

Тараптар туризм, көлік, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

 

Өзгелердің жаңалығы