Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды

22 Тамыз 2021, 10:59
4137
Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлі әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды. 

Бүгін Қазақстан Президенті Алматы облысына сапары барысында «Қайсар-2021» шұғыл-тактикалық оқу-жаттығуларын көреді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы медициналық құралдар, дәрі-дәрмектер, азық-түлік және жағармай шығаратын бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралап, жұмыстарымен танысады, - делінген хабарламада.

Ертең, 23 тамызда Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар іс-шара өткізеді. Сонымен қатар бейнеконференция форматында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысады.


Өзгелердің жаңалығы