Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы құтқарушыларды медальдармен марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы КФ медиаорталығы хабарлады.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Республикалық жедел-құтқару тобы» (РЖҚТ) мемлекеттік мекемесінің базасында болып, құтқарушылардың жұмыс жағдайымен танысып, Түркия Республикасындағы жер сілкінісінің ошағында кәсіби борышын өтеген жасақ мүшелерін марапаттады.
Сатыбалды Дәулеталин жасақ ұжымы алдында сөйлеген сөзінде РЖҚТ құтқарушыларымен жеке кездескеніне қуанышты екенін баса айтты.
Мен бүгін осында болғаныма өте қуаныштымын. Жасақтың әрбір мүшесіне кәсіби борышын адал атқарғаны үшін алғыс айтқым келеді. Төтенше жағдайға тап болған адамдарды құтқару – ерлік. Сіздер мұны күнде жасайсыздар. Өз өмірлеріңізді қатерге тіге отырып, сіздер жиі басқаларды өмірге қайтарасыздар, - деді КФ төрағасы.
РЖҚТ жасағының мүшелерін толғандыратын мәселелерді шешуге келсек, Сатыбалды Дәулеталин жақын арада Кәсіподақтар федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігіне құтқарушылардың әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешу үшін жүгінуге ниетті екенін айтты.
Сіздердің еңбектеріңіз назар аударуға және қолдауға лайық. Сондықтан Кәсіподақтар федерациясы әлеуметтік әріптестер алдында РЖҚТ жасағының қызметкерлеріне әлеуметтік кепілдіктер мәселесін қоятын болады, - деді КФ төрағасы.
Сатыбалды Дәулеталин Түркия Республикасындағы жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жою жөніндегі миссияда кәсіби борышын өтеген РЖҚТ жасағының мүшелеріне ерекше назар аударды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі РЖҚТ барлық жасағына алғыс білдіріліп, он бес құтқарушы, оның ішінде, кинологтар, жасақ медицина қызметкерлері және құтқарушылар «Еңбек озаты» ҚРКФ медалімен және «Қызмет» салалық кәсіподақ ұйымының құрмет грамоталарымен марапатталды.
Сіздер нағыз батырсыздар! Біз балаларымызды сіздердің үлгілеріңізбен тәрбиелеуіміз керек. Сіздердің адамдарға және олардың қиыншылықтарына деген көзқарастарыңыз – ынтымақтың, өзара көмектің және үлкен қайырымдылықтың нышаны, - деді ҚРКФ төрағасы сөзінің соңында.