«Қаржы орталығы» кәсіпкерлерді жатақхана құрылысына қаржы салуға шақырды

3 Маусым 2021, 17:56
2956
Бөлісу:
«Қаржы орталығы» кәсіпкерлерді жатақхана құрылысына қаржы салуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-да өткен брифингте БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар Ибраимов жүзеге асырылып жатқан білім беру саласындағы 5 әлеуметтік жобаны таныстырды.

Оның алғашқысы – студенттік жатақханаларды салу және реконструкциялау .

2018 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті Бес әлеуметтік бастамасын жариялаған болатын. Олардың бірі студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған. Ибраимовтың айтуынша, осы міндетке қол жеткізу үшін жекеменшік сектордың кеңінен қатысуын көздейтін мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі әзірленді.

Біз инвесторларды, жеке кәсіпкерлерді мемлекеттің қаржылай қолдауымен студенттік жатақханалар құрылысына қаржы салуға шақырамыз. Осы ретте бұл процеске кезекті әлеуметтік объектіні тұрғызу ретінде емес, табысты, тұрақты және перспективалы бизнес жоба ретінде әлдеқайда ауқымды түрде қарауды ұсынамын. Өйткені сол үшін барлық алғышарт қарастырылған, - деді «Қаржы орталығы» АҚ президенті.

Оның айтуынша, бүгінгі күні елімізде студенттерге 63 мыңнан астам орын-жайдың салынуы керек. Оған ірі қалалардан бастап облыстық маңызы бар қалаларға дейінгі еліміздің барлық өңіріне қажеттілік бар.

Сондай-ақ жақын болашақта Қазақстанда 2000 жылдардағы baby-boom-ның нәтижесі байқалмақ, яғни бұл студенттер контингенті біршама өседі деген сөз. Бұл жағдай студенттік жатақханаларға деген сұраныстың артуына әсер етпей қоймайды, - деп түсіндірді Асқар Ибраимов.

Өзгелердің жаңалығы