Қаржы министрлігі қомақты қаржыны игере алмай отырған министрліктерді атады

12 Қазан 2021, 09:46
20910
Бөлісу:
Қаржы министрлігі қомақты қаржыны игере алмай отырған министрліктерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджетті игере алмай отырған министрліктерді атады.

Оның сөзінше, мемлекеттік бюджеттің шығыстары 99,7%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,8%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 99,7%-ға атқарылды.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бюджеттердің барлық деңгейінде атқарылу пайызы жоғары. Республикалық бюджет бойынша сомасы 11 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау қаржы 19 млрд теңге, оның ішінде 6 млрд теңге - үнемдеу. Игерілмегені - 13 млрд теңге, - деп түсіндірді Жамаубаев.
Қаржы министрі қай министрліктер қомақты қаржыны игере алмай отырғанын айтты.
Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары мәдениет және спорт, денсаулық сақтау, әдiлет, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілген, орындалған жұмыс актілерінің, шот-фактуралардың уақытылы ұсынылмауы, қазынашылық органдарына төлем шоттарын кеш ұсыну, сотта мемлекет мүддесін қорғау жөніндегі талап-арыз жұмыстарын жүргізу, - деп айтты Ерұлан Жамаубаев Үкіметте.


Өзгелердің жаңалығы