Қаржы министрі кәсіпкерлік субектілері үшін үш жылдық мораторийді алып тастауды ұсынды

2 Қыркүйек 2021, 09:32
3498
Бөлісу:
Қаржы министрі кәсіпкерлік субектілері үшін үш жылдық мораторийді алып тастауды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгінгі Үкімет отырысында кәсіпкерлік субектілері үшін үш жылдық мораторийді алып тастау мәселесін көтерді.

Оның айтуынша, былтыр енгізілген тексерулерге үш жылдық мораторий кассалық тәртіпті төмендетіп жіберген. 

Жосықсыз кәсіпкерлер бұл бастаманы салықтан жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдауда. Осыған байланысты микро және шағын бизнес субектілерін тексеруге мораторийді алып тастау мәселесін қарастыруды ұсынамыз. Жалпы ұсынылып отырған шаралар мемлекеттік бюджет кірістерінің ұлғаюына мүмкіндік береді,-деді министр. 
Сонымен қатар ол қазір бюджет кірістерін ұлғайту бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп экономиканың барлық саласы бойынша көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспар іске асырылып жатқанын айтты. Сондай-ақ, мемлекет шекараларындағы артық тосқауылдарды алып тастауға және заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимыл бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізілуде. 
Біз тауарларды толыққанды режимде қадағалаудың ұлттық жүйесін іске асыруды жоспарлап отырмыз. 9 автомобиль және бір темір жол өткізу пунктін жаңғырту басталды. Халықаралық тәжірибені ескере отырып министрлік ірі бизнестің горизонтальды мониторингі бойынша пилоттық жобаны жүргізуде. Капиталды шетелге шығаруға қарсы және экономиканы дияпшарлау бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Экономикалық ынтымақтастық және Даму ұйымы, Ұлттық банкпен мәліметтер алмасу шеңберінде көпжақты конвенцияға қол қойдық. Осы жылдан бастап жүзден астам юридикцияда азаматтардың қаржылық шоттары бойынша ақпарат алмасуды бастаймыз. Сондай-ақ, трацветтік баға бекіту заңнамасын одан ары жетілдіру жоспарлануда,-деді Жамаубаев.

Өзгелердің жаңалығы