Картоп пен көкөністі жинау аяқталуға жақын – Ақмола облысы әкімі

21 Қыркүйек 2021, 10:28
3745
Бөлісу:
Картоп пен көкөністі жинау аяқталуға жақын – Ақмола облысы әкімі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев өңірдегі егін жинау науқаны барысы туралы баяндады.

Оның сөзінше, бүгінгі таңда облыста астық және бұршақты дәнді-дақылдарды жинау аяқталу сатысында тұр. Астық бастыру 4,4 млн га немесе 97% алқапта жүргізілді. Орташа түсім гектарына 8,6 центнерді құрады.

Облыста 3,7 млн тонна астық жиналды және аптаның соңына дейін астық жинау аяқталады. Майлы дақылдар 85 мың гектар алқапта немесе егістің көлемінен 32% пайыз жиналды. Жалпы түсім гектарынан 6,6 центнер, орташа түсіммен 56 мың тоннаны құрады, - деді әкім.

Сондай-ақ картоп пен көкөністі жинау да аяқталуға жақын.

Егін жинау жұмыстары үшін өңір арзандатылған дизель жанармайының қажетті көлемімен қамтамасыз етілді. Шаруашылықтардың астық қоймаларын ескере отырып, 6,5 млн тонна астық сақтау үшін мүмкіндік жасалды. Барлық астық қабылдау кәсіпорны жаңа өнімді қабылдауды жүзеге асырып жатыр. Элеваторларға жаңа түсімнің 1,5 млн тоннадан астам астығы жеткізілді, - деп атап өтті Маржықпаев.

Ол мәлімдегендей, осы жылғы өнім сапасының көрсеткіші былтырмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Астықтың 91%-ы 3-санатқа сәйкес келеді. Астық қабылдау кәсіпорындарына жеткізілген астықтың 83%-ның дән маңыздылығы 30%-дан жоғары. Былтыр бұл көрсеткіш 70%-ды құраған болатын.

Облыс әкімі диқаншылардың атынан ауыл шаруашылығына көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді. Мемлекеттік қолдау биыл 70 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар қайтарымсыз мемлекеттік көмек түрінде 39 млрд теңге бөлінді, - деп толықтырды ол өз сөзін.

Өзгелердің жаңалығы