Қызылорда облысында зардап шегушілерге кәріз құбырында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына зиян өтемі төленбегені анықталды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Осыған дейін Қызылорда облысында кәріз құбырларын тазалау кезінде қауіпсіздік техникасының ережелерін бұзу салдарынан екі жұмысшының улы газдармен улануынан қайтыс болуына байланысты МКК-ның бұрынғы директоры мен шебері сотталған.
Сот оларды ҚК-нің 156-бабының 4-бөлігі бойынша соттап, зардап шеккендердің пайдасына материалдық және моральдық шығындарды өндіріп алу туралы шешім шығарған.
Бас прокуратураға зардап шеккендердің өкілінен сотталғандардың шығынды төлемей жатқандығы туралы өтініш түскен.
Істі зерделеу барысында прокуратура еңбек инспекциясының қорытындысы бойынша жұмысшылардың кінәсі 0%, ал жұмыс берушінің (заңды тұлғаның) кінәсі 100% екендігін анықтады. Азаматтық кодекстің нормаларына және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының түсіндірмелеріне сәйкес, қоршаған орта үшін жоғары қауіптілігі бар әрекетпен айналысатын кәсіпорындар осы қауіп көзінен келген зиянды өтеуге міндетті. Осыған байланысты, Бас прокуратура жоғары қауіптілік көзінен келген зиян үшін жауапкершілік қызметкерлерде емес, кәсіпорында болуы тиіс екенін атап, МКК-ды азаматтық жауапкер ретінде тарту үшін сот актілерін азаматтық талап бөлігінде жою туралы кассациялық наразылық еңгізді, - деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.
Кассациялық сот прокурордың наразылығын қанағаттандырып, үкімді азаматтық талап бөлігінде күшін жойды және қылмыстық істі осы бөлігінде қарау үшін сол сотқа өзге құрамда қарауға жолдады.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында кәріз құдығында қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек көрсетілгенін жөнінде ресми жауап жарияланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Павлодар облысында кәріз құдығында 6 адам қаза тауып, біреуі ауруханаға түсті
Көше жарығының бағасын тексергеннен кейін Көкшетау бюджетіне 126 млн теңге қайтарылды
Бас прокуратура ескертеді: Сим-бокстарды заңсыз пайдаланғандар жазаланады