Көше жарығының бағасын тексергеннен кейін Көкшетау бюджетіне 126 млн теңге қайтарылды

Көкшетау қаласының прокуратурасы бюджетке 126 млн теңгенің қайтарылуын қамтамасыз етті.  

3 Қыркүйек 2026, 20:45
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві 3 Қыркүйек 2026, 20:45
3 Қыркүйек 2026, 20:45
158
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Прокуратура жабдықтардың бағасы негізсіз қымбатқа бағаланғанын анықтағаннан кейін, Көкшетаудағы көше жарығы жобасы бойынша бюджетке 126 млн теңге қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала прокуратурасы мемлекеттік-жеке әріптестік саласындағы талдау шеңберінде жоба құнының жасанды түрде көтерілгенін анықтады. Бұл бюджеттен 126 млн теңге көлемінде заңсыз төлем жасалуына әкеп соқтырды.

«Көкшетау қаласының көшелерін жарықтандыру» жобасы бойынша мемлекеттік серіктес ретіндегі Ақмола облысының Энергетика және ТКШ басқармасы тартылған материалдар мен жабдықтар құнының экономикалық негіздемесін қамтамасыз етпегені анықталды, деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Атап айтқанда, шартқа сәйкес, қуаттылығы 120 Вт бір шамның құны 80 000 теңге деп белгіленген, ал оның нарықтық құны шамамен 52 000 теңгені құрайды.

Мемлекеттік орган тарапынан бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділік және негізділік принциптерінің бұзылуы жоба құнының 126 млн теңгеге негізсіз көтерілуіне әкелді.

Қабылданған қадағалау шараларымен негізсіз төленген 126 млн теңге сомасы мемлекет табысына өндірілді. Бюджет қаражатын нысаналы жұмсау мәселесі басым бағыт болып табылады және прокуратура органдарының ерекше бақылауында, - делінген прокуратура хабарламасында.


Наверх