Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды медицина университетінің студенттеріне арналған жатақхана «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бағдарламасы аясында салынуда.
Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінгі таңда университетте бес мыңнан астам студент оқиды, ал оқу ордасының қолданыстағы жатақханаларында 2 500 орын бар. Ғимарат құрылысы басқа қаладан келген 400 студенттің тұру қажеттілігін өтейді.
Жаңа жатақхана Ержанов көшесінде орналасатын болады. Жер телімін Қарағанды әкімдігі бөлген. Оны рәсімдеу бойынша процесстер аяқталды. Мердігер - «Казстройподряд» ЖШС. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Жатақхана университеттің өз қаражаты есебінен салынуда. Ол 2021 жылдың үшінші тоқсанында есігін айқара ашады.
Оқи отырыңыз: