Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда тәртіп сақшылары бірнеше көлік ұрлаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жылдың 16 желтоқсанында Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне белгісіз біреулердің көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан "Nissan" автокөлігін ұрлап кеткені туралы хабарлама түскен.
Аталған факт бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалған.
Бұдан басқа 30 қаңтарда Теміртауда белгісіз біреулер «ВАЗ» автокөлігін ұрлап кеткен. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері мен Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ұрланған көліктерді тапты.
Көлікте Қарағанды қаласының 26 және 28 жастағы тұрғындары болды. Олардан заттай айғақтар алынды. Полиция күдіктілердің осыған ұқсас басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр, – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: