Қарағанды облысының полиция департаментіне 86 көлік табыс етілді

20 Маусым 2019, 15:22
2499
Бөлісу:
Қарағанды облысының полиция департаментіне 86 көлік табыс етілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы полиция департаментінің автопаркі жаңа қызметтік автокөліктермен толықты. Тәртіп сақшыларында заманауи құрылғылармен жабдықталған 86 арнайы көлік пайда болды, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты. 

Бүгін Қарағанды облысының полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ерлан Файзуллинге Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жаңа арнайы машиналардың кілттерін табыс етті. Салтанатты шара 23 маусымда еліміз бойынша атап өтілетін Қазақстан полициясы күніне орайластырылды. 

"Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Еліміздің әр азаматының тұрақтылығы мен тыныштығы сіздердің ерен еңбектеріңіздің нәтижесі. Тұрғындар әр түрлі өмірлік жағдайларда бірінші кезекте сіздерге жүгінеді. Күндіз де, түнде сіздер алдыңғы қатардасыздар", - деп атап өтті облыс әкімі Ерлан Қошанов өз сөзінде. 

Өңір басшысы құқық қорғау органдарына нәтижелі және жемісті еңбек тіледі. Облыс әкімі егеменді Қазақстанның барлық жетістіктері тәртіп сақшыларымен тығыз байланысты екенін атап өтті. Президенттің тапсырмасы бойынша өңірде полиция департаменті бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша тиімді шаралар қабылдануда. Бірінші кезекте ол планшеттер, бейнетіркеуіштер, процессордлар мен арнайы көліктер. 

"Бүгінгі күні қылмыс деңгейінің төмендеуі 25% құрайды. Жергілікті биліктің қолдауы біздің жұмысымызды жақсартуға көмектеседі. Біз бұған өте ризамыз", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин.

Жаңа автокөліктерде жол полицейлері мен жергілікті полиция бөлімшелерінің қызметкерлері жүретін болады. "Kia Cerato" және "Lada-URBAN" машиналарын тәртіп сақшылары қылмыстың алдын алу және ашу үшін пайдаланатын болады. Әрқайсысы дабыл құрылғылармен, радиостанциялармен және бейнетіркеуіштермен жабдықталған. "ГАЗ-2705" автокөліктері қамауға алынған адамдарды тасымалдауға арналған. 
Салтанатты рәсімнен кейін көліктер қызмет атқару орындарына шықты.


Өзгелердің жаңалығы