Қарағанды облысында індетпен күресу үшін қанша қаржы бөлінгені анықталды

21 Мамыр 2021, 16:41
4647
Бөлісу:
Қарағанды облысында індетпен күресу үшін қанша қаржы бөлінгені анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.

Жалпы індетпен күресуге респуликалық бюджеттен 13 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Оның ішінде 7 миллиарды облыстық және қалалық, аудандық бюджеті. Бұл қаржы әртүрлі бағыттарға жұмсалды, - деді ол.

Сонымен қатар әкім осы уақытқа дейін бөлінген қаржының нақты қай салаға кетіп жатқандығын айтты.

Ең бастысы дәрі-дәрмек қорын жасау үшін және медициналық газдарды тарту үшін. Онымен қоса медициналық инфрақұрылымның жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатына жұмсалды, - деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Еске салайық, бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек облыстың даму қарқыны мен өңірдегі эпидахуал жағдайы туралы айтқан болатын.

Олжас АДАЙ
Өзгелердің жаңалығы