Канело мен Головкиннің үшінші жекпе-жегі өте ме?

7 Шілде 2021, 17:05
2157
Бөлісу:
Канело мен Головкиннің үшінші жекпе-жегі өте ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Boxing247.com тілшісі Альберт Крэйн мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинмен неліктен үшінші рет жекпе-жек өткізгісі келмейтінін түсіндірді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Оның айтуынша, әлсіз позиция ұстану Головкиннің мансабына зиян тигізеді.

Әрекетсіздік Головкиннің мансабына зиян тигізуі мүмкін. Жанкүйерлері оны бокста бұрынғыдай жиі көрмейді. Головкин  Канеломен  үшінші жекпе-жектің болғанын қалайды, бірақ ол өзінің танымалдылығын сақтап қалу үшін ештеңе істемеді. Тек белсенділік танытып, үздіктермен айқасты, - деді ол. 

Журналистің пікірінше, Головкин Канеломен болған екінші жекпе-жектен кейін өз амбициясын жоғалтқан.

Бұл  Канелоның GGG-мен үшінші жекпе-жекке қызығушылық танытпауының себебі болуы мүмкін. Өйткені ол енді жетістікке жетуге тырыспайды. Головкин Канелодан жеңілгеннен кейін өз амбициясын жоғалтқан сияқты, - деді Альберт Крэйн.

Өзгелердің жаңалығы