"Канело" Ковалевтен тартып алған белбеуінен бас тартты

18 Желтоқсан 2019, 15:07
2523
Бөлісу:
"Канело" Ковалевтен тартып алған белбеуінен бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексикалық боксшы Сауль Альварес жақында иемденген жартылай орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуінен бас тартады.

"Канело" ресейлік Сергей Ковалевті жеңіп, одан тартып алған белбеуін босатпақ. Бұл туралы Talksport басылымы жазды.

Айта кетейік, Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуді жоспарлап жүр. Қос боксшы келесі жылы кездесуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы