Канело, қайдасың? Қанат Ислам жеңісінен кейін не деді?

21 Ақпан 2021, 12:37
13980
Бөлісу:
Канело, қайдасың? Қанат Ислам жеңісінен кейін не деді?
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңілмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) Майамидегі (АҚШ, Флорида штаты) бокс кешінде мерзімінен бұрын жеңісінен кейін мексикалық Сауль Альваресті (54-1-2, 36 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Sports.kz.

— Канело, қайдасың? Менің айтатыным осы.

— Оған не айтқың келеді?

— «Канело, vamos» Сен мені көріп тұрсың ба? Сен бақыттысың, сен мені жақсы көресің. Кел, жекпе-жекке шығайық. 

Бұл туралы Қанат Ислам кезекті жеңісінен кейін айтты. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Нұр-сұлтан уақыты бойынша Қанат Ислам орташа салмақ шеңберінде жетінші раундта эквадорлық Джейсон Миндуды (14-4-1, 8 КО) нокаутпен жеңді. Ол соңғы сәтте ауыстыруға шықты: бастапқыда Ислам Ганц Ободаи саймен (35-3-1, 26 КО) жұдырықтасуға тиіс болатын. Айта кету керек, бұған дейін Минда екі рет нокдаунда болған.

Өзгелердің жаңалығы