Қандай салалар ел  тұрғындарының басым наразылығын тудырды?

23 Қараша 2021, 10:33
2394
Бөлісу:
Қандай салалар ел  тұрғындарының басым наразылығын тудырды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында айтты.

Министрлік тәуелсіз ұйымдарды тарта отырып, тұтынушылардың құқғын қорғау мәселесі бойынша әлеуметік сауалнама жүргізді. Ел тұрғындарының басым наразылығы медицина қызметтеріне 46 пайыз, байланыс қызметі 36 пайыз, қалалық қоғамдық көлікке қатысты 36 пайыз үлесінде анықталды, - деді ол.

Сұлтанов атағандай, бұл салаларда тұтынушылардың құқығын қорғау проблемасы жүйелі сипатқа ие.

Сондықтан мемлекеттік органдар тұтынушылардың наразылығы туындайтын салаларға талдау жүргізу керек. Мемлекет алдында қоғам мен бизнес мүдделері арасындағы тепе-теңдікті орнату жұмысы тұр. Қазір тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін орнатуға арналған 3 мыңға жуық стандарт енгізілді. Жылдан жылға өтініш артып келе жатқан экономика саласына ерекше назар аудару қажет – деді Бақыт Сұлтанов.

Өзгелердің жаңалығы