Канадада өрт 1 млн гектар аумақты шарпыды

24 Мамыр 2023, 21:30
640
Бөлісу:
Канадада өрт 1 млн гектар аумақты шарпыды

Тілсіз жау 1 млн гектардан астам аумақты шарпыған. Қазір Альберта штатында жағдай қиын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұнда лапылдаған оттың 91 ошағы тіркеліп отыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға АҚШ пен Канададан 2800 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Бұл туралы Хабар24 жазды.

40-тан астам тасжолда көлік қозғалысы қиындап, уақытша жабылды. 30 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерлерге эвакуацияланды. 

Жергілікті билік орман өртін сөндіруге екпінді жел кедергі келтіріп отыр дейді. 

Негізі 70 шақты өрт ошағында жағдай қиын. Олардың 20-сы бақылаудан шығып кетті. Соңғы күндері жаңбыр жауып, бұл өртсөндірушілердің жұмысын жеңілдетті. Дегенмен, тілсіз жау әлі басылмай тұр. Қазір апаттық жерлерге көмекке АҚШ-тан 1100-ден астам маман келген. Аптаның соңына қарай жағдай ушықса, Жаңа Зелендия мен Австралиядан қосымша күш тартылады, - деп хабарлайды өрт сөндіру қызметінің менеджері Кристи Такер.

Өзгелердің жаңалығы