«JUMYSTAP.kz» сервистік платформасы астаналықтарға жұмыс табуға көмектеседі

10 Қыркүйек 2024, 22:22
309
Бөлісу:
«JUMYSTAP.kz» сервистік платформасы астаналықтарға жұмыс табуға көмектеседі
Фото: gov.kz

Биыл тамыз айында Астанада «JUMYSTAP.kz» сервистік платформасы іске қосылды. Платформа жұмыс іздеушілерге жұмыс табуды жеңілдетеді, ал жұмыс берушілер кадрларға деген қажеттіліктің орнын толтыра алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда әкімдігінің хабарлауы бойынша «JUMYSTAP.kz» платформасына бір ай ішінде астананың 600-ден астам ірі және желілік жұмыс берушілері қосылды. Мұнда цех операторларының позициясынан бастап дизайнердің қашықтан жұмыс істеуіне дейінгі экономиканың барлық негізгі салалары бойынша қызметкерлер мен тапсырыс берушілерді іздеу туралы мыңнан астам хабарландыру ұсынылған.

Қолданушылар платформаның ыңғайлы екендігін айтады.

Сайт өте ыңғайлы, жұмыс берушілерге Whatsapp арқылы тікелей жаза аласыз. Көптеген жұмыс орындары күн сайын жаңартылады. Мен бірнеше ай бұрын Астанаға көшіп келіп, ыңғайлы кестемен жұмыс іздеп жүрмін. Ендігі дүкенге тағылымдамадан өту жөнінде хабарластым, - деді платформаның қолданушысы Әсем.

Бастапқыда платформа тек «JOLTAP» жобасының түлектеріне арналған. Алайда көптеген адамның өтініштері бойынша тіркеу барлық адамдар үшін ашық болып отыр.

«JUMYSTAP.kz» платформасында «JOLTAP» жобасының түлектеріне 15 дағды бойынша – 7 цифрлық (SMM, сайттарды әзірлеу, бейнемонтаж, Графикалық дизайн, мобилография, маркетплейстердегі сауда, таргет) және 8 жұмыс дағды (тігінші, сәнгер-конструктор, бухгалтерлік есеп негіздері, корпустық жиһаз жасау негіздері, Сатушы - кассир, электр газбен дәнекерлеуші) ұсынылды, бариста, аяқ киімді жөндеу) бойынша жұмыстар ұсынылған.

Платформа жұмыс берушілер үшін де, жұмыс іздеушілер үшін де ақысыз және комиссиясыз әрі делдалдарсыз. Хабарландырулар мен ізденушілер пулы бойынша ыңғайлы іріктеу қарастырылған. Платформа туралы барлық сұрақтар бойынша «JOLTAP2» жобасының Call-орталығына хабарласуға болады: +7 707 221-31-31.

Өзгелердің жаңалығы