«JOLTAP» жобасы «Freelance Mumkindik» бағдарламасының алғашқы түлектері оқуын аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«JOLTAP» жобасы аясында 168 оқушы таргетолог, SMM, видеограф, маркетплейс, мобилограф, графикалық дизайнер және веб-дизайнер (сайттарды әзірлеу) сияқты цифрлық дағдылар бойынша оқуын тәмамдап, сертификаттар алды.
Түлектер меңгерген мамандықтары арқылы жұмыс істеуді жоспарлап отыр: жобалар жүргізу, жаңа клиенттер табу және табыстарын арттыру.
Жастар арасында да, 35 жастан асқан азаматтар арасында да курстарға қызығушылықтың артуы байқалады. Цифрлық дағдылар бойынша қысқа мерзімді курстардан өту кезінде білім алушылардың 63 пайызында жұмыс тәжірибесі болған емес, ал олардың 11%-ы өзін-өзі жұмыспен қамтыған.
Түлектердің жартысы ресми түрде жұмысқа орналасуды немесе тапсырыстарды онлайн форматта қабылдауды жоспарлап отыр.
«Freelance Mumkindik» қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы Астана қаласының 18-50 жас аралығындағы тұрғындары үшін ғана қолжетімді. Оған жазылу «Баршаға Мүмкіндік» модульдік пунктерінде өтеді.
Елорда тұрғындары мемлекеттік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу, сондай-ақ жұмыс және цифрлық дағдыларды игеру мүмкіндіктері бойынша мына мекенжайлар арқылы кеңес ала алады:
Күнделікті сағат 10:00-19:00 аралығында: «Ailand» ОДО, Қорғалжын тас жолы, 2; «Magnum» супермаркеті, Еділ көшесі, 26;
Күнделікті сағат 10:00-20:00 аралығында: «Жастар» сарайы Республика даңғылы, 34; «Тұлпар» СО Ш. Уәлиханов көшесі, 24; «Euromall» СҮ, Қосшығұлұлы көшесі, 23; «Встреча» СҮ Абылай хан даңғылы, 31; «Mechta» СҮ, Сығанақ көшесі, 3; «Азия парк» СОО Қабанбай батыр даңғылы, 21;