Израиль мен ХАМАС арасында оқ атпау режимі күшіне енді

21 Мамыр 2021, 08:40
1581
Бөлісу:
Израиль мен ХАМАС арасында оқ атпау режимі күшіне енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таяу Шығыста Израиль мен ХАМАС қозғалысы арасындағы атыс тоқтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқ атпау режимі Палестина мен Израиль уақыты бойынша бүгін түнгі сағат 02:00-де күшіне енді. 11 күнге созылған қанды қырғынның аяқталуына Египет билігі мен халықаралық қауымдастықтардың арағайындық жасағаны себеп болды. Мамырдың 20-сы күні Израильдің әскери-саяси кабинеті арнайы отырыс кезінде атыс-шабысты біржақты тоқтату туралы ұсынысты мақұлдады. ХАМАС қозғалысы да бұл шешіммен келісті. Жуырда Египет президенті аймақтағы бітімгершілікті бақылау үшін Палестина мен Израильге екі делегация жіберетінін мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, Таяу Шығыста мамырдың 10-ы күні ушыққан ұрыстан Газа секторында 230 палестиналық қаза тапты. Оның 65-і бала болса, 39-ы әйел. Тағы 1710 адам жарақат алды. Одан бөлек, аймақтағы инфрақұрылымға орасан зор зақым келген. Ал, Израиль тарапынан 12 адам мерт болды.

Екі ел арасындағы қақтығыс Израиль билігінің Шейх-Джаррах ауданындағы бірнеше араб отбасын күштеп көшіруден басталған еді.



Өзгелердің жаңалығы