Израиль-ХАМАС: Дипломат Иран қақтығысқа қашан араласуы мүмкін екенін айтты

20 Қазан 2023, 14:28
901
Бөлісу:
Израиль-ХАМАС: Дипломат Иран қақтығысқа қашан араласуы мүмкін екенін айтты
Фото: pixabay.com

Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі Әли Акбар Джоукар Газа секторындағы әскери қақтығысқа Иран қандай жағдайда араласуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол жерде әскери қылмыс болып жатқанын бүкіл елдер көріп отыр. Газа секторында су мен электр қуатын беру тоқтатылды, мұны әлем жұртшылығынан ешкім жасыра алмайды, өйткені мұның бәрі жайлы минут сайын ақпарат тарап жатыр. Сондықтан Иран осы зорлық-зомбылықты тоқтату саясатына назар аударады, - деп түсіндірді Елші Али Акбар Джоукар.

Сондай-ақ дипломат ХАМАС-ты террористік ұйым деп санамайтынын айтады. Иран ХАМАС ұйымын Палестина жерлерін басқыншылардан қорғайтын ұйым деп санайды.

"Қандай жағдайда Иран Газа секторындағы қарулы қарсылыққа араласады" деген сұраққа келсек, нақты жауапты білмеймін. Бұл жанжалға байланысты еліміздің басшылығы бұған дейін де өз ұстанымын білдірген болатын. Бұл басқыншылық пен қатыгездік жалғаса берсе, әлемнің түкпір-түкпірінен келген мұсылмандар өз реакцияларын білдіруі мүмкін. Көріп отырғаныңыздай, мұндай жағдайда ислам елдері өзінің бірлігі мен біртұтас ұстанымын көрсетті, - деді Әли Акбар Джоукар БАҚ өкілдеріне арналған брифингте.

Өзгелердің жаңалығы