Ізгі амалдар мен қайырымды істер жасауға ынталандыратын мереке – Әшімбаев

9 Шілде 2022, 09:03
1547
Бөлісу:
Ізгі амалдар мен қайырымды істер жасауға ынталандыратын мереке – Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

Құрметті достар!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт – елді бірлік пен бейбітшілікке шақыратын, өзара сыйластық пен құрметті дәріптейтін, ізгі амалдар мен қайырымды істер жасауға ынталандыратын мереке. Жақсылыққа жақын және көпке қамқор болу – осы мейрамның маңызды шарттары. Бұл құндылықтар елдің іргесін бекемдеуге және рухани келбетін кемелдендіруге елеулі ықпал етеді.

Айт кезіндегі осындай игілікті істер біздің ұлттық болмысымызға айналғаны анық. Олар еліміздегі татулық пен келісімнің нығаюына да үлкен септігін тигізуде. Шын мәнінде, ізгілік пен мейірімділік қашанда халқымыздың ырыс-ынтымағын арттыра түседі.

Осы ұлық мерекеде елімізге амандық, жерімізге тыныштық және әр шаңыраққа шаттық тілеймін! Шалған құрбандықтарыңыз бен ниеттеріңіз қабыл болсын! Айттан айтқа аман-есен жете берейік!

Өзгелердің жаңалығы