ИЫҰ әскери қақтығысты дереу тоқтатуға шақырды

21 Қараша 2023, 01:28
4190
Бөлісу:
ИЫҰ әскери қақтығысты дереу тоқтатуға шақырды
Фото: видеодан скрин

Ислам ынтымақтастығы ұйымы Израильді Газадағы әскери операцияны дереу тоқтатуға шақырды. Бұл туралы беделді құрылым өкілдері Бейжіңге барған сапарында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір Сауд Арабиясы, Иордания, Индонезия және Мысыр елінің өкілінен құралған делегация Қытайда келіссөздер жүргізіп жатыр. Олар осылайша Газадағы ахуалды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүше 5 мемлекетпен жеке-жеке талқыламақ ниетте. Аймаққа шұғыл гуманитарлық көмек жеткізу басты назарда, - дейді делегация өкілдері.

Айта кетейік, өткен аптада Эр-Риядта араб-мұсылман елдерінің кезектен тыс саммиті өтіп, оған қатысушылар Халықаралық қылмыстық сотты Израильдің Палестина аумағындағы әскери қылмыстарын тергеуге шақырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы