IT-стартаптардың 20 пайызын арулар басқарады

7 Наурыз 2023, 21:05
886
Бөлісу:
IT-стартаптардың 20 пайызын арулар басқарады
Фото: business-m

Бүгінгі таңда Astana Hub халықаралық технопаркінде 1043 IT-компания тіркелген, оның 179-ын әйелдер басқарады, деп жазады BAQ.KZ.

Сонымен қатар соңғы кездері ІТ-мамандыққа оқығысы келетін қыздардың саны артып келе жатқандығы байқалады.

Tech Orda ІТ-мамандыққа оқыту бағдарламасы аясында бөлінген 3 067 гранттың 39 пайызын әйелдер алды. Біздің технопарк ұжымындағы қыздардың үлесі 61 пайыз, оның ішінде 63 пайызы басшылық қызметте. Яғни қазіргі уақытта еңбек нарығындағы гендерлік теңдіктің өзгеріп жатыр. Егер бірнеше жыл бұрын IT-сектор ер адамдарға арналған деп есептелсе, қазіргі жағдайда IT мамандықтары гендерге бағынбайтынын көріп жатырмыз, - деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

Astana Hub экожүйесіндегі әйелдер басқаратын IT-стартаптардың басым бөлігі әлеуметтік және EdTech саласын дамытуға бағытталған.

Әйелдер негізін қалаған IT-жобалар жылдам дамып, шетелдік нарыққа да  шығып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы