IT-нарықта 69 мыңнан астам адам жұмыс істейді

11 Маусым 2020, 16:16
2189
Бөлісу:
IT-нарықта 69 мыңнан астам адам жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халық алдындағы есептік кездесуінде IT-нарыққа қандай қолдау көрсетілетінін айтып берді. 

Бүгінде IT-нарыққа қосымша қолдау көрсету бойынша IT-чемпиондардың пулы жасақталды. Олардың саны 30-ға тең. Біз бүгін аталған компаниялармен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Компаниялардың өнімдерін экспортқа шығару бойынша әлеуеті жоғары. Бүгінде IT-компаниялардың саны 6903-ке жетіп отыр. Бұл нарықта 69 507 адам жұмыс істейді. IT-компаниялардан түскен салық 87 млрд теңгені құрады. Бүгінде экспорт көлемі 8,4 млрд теңгеге тең, - деді ол. 

Министр президент Astana IT University-не барғанын атап өтті. 

Мемлекет басшысы болашақта IT саласын дамытуға ниетті студенттерді көрді. Осы сынды оқу орындары бізге өте қажет. Аталған университеттерде болашақта экономика мен мемлекетте жүзеге асырылатын ақпараттық апробациялар жүзеге асырылады. Оқу орындарында қажетті мамандарды даярлау үшін БҒМ-мен бірлесіп 17 жаңа оқыту бағдарламасын әзірлеп, IT дайындайтын барлық университетке жолдадық. Жастардың аталған салаға қызығушылықтары өте жоғары, - деді Жұмағалиев.

Министр жастардың қызығушылығы қажетті бағдарламалау мектептері мен университеттерде қажетті бағдарламалардың енгізілуімен нығая түсетінін айтты.

Сонымен қатар, Асқар Жұмағалиев 2020 жылдың соңына дейін 1035 ауыл мобильдік кең жолақты интернетке қосылатынын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы