Ирандағы От мейрамында 13 адам ажал құшты

16 Наурыз 2022, 15:17
1331
Бөлісу:
Ирандағы От мейрамында 13 адам ажал құшты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ойыннан от шықты. Иранда От мейрамын тойлау кезінде 13 адам ажал құшып, 800-ден астамы жарақат алды, деп хабарлады «Хабар 24». 

Жараланғандардың 49-ына операция жасалған. Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі ұйымның басшысына сілтеме жасаған жергілікті телеарна мәлімдеді. Бұл мерекеде Наурыз мейрамына 1 апта қалғанда от жағып, үстінен секіреді. 

Бірақ кейінде тұрғындар отпен бірге пиротехника қолданатын болған. Осылайша тойдың соңы қайғылы жағдайға ұласып жатады. Мұндай оқиғалар биыл былтырғыдан 47 процентке артқан.

 

Өзгелердің жаңалығы