Ирандағы көтеріліс әлі басылар емес

20 Қараша 2022, 11:24
1336
Бөлісу:
Ирандағы көтеріліс әлі басылар емес

Хиджаб жырынан туындаған Ирандағы көтеріліс әлі басылар емес, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осыған дейін Ирандағы 22 жастағы қыздың өлімі қоғамда резонанс тудырғаны туралы жазған едік. Наразылықтан шеруге, кейін үлкен көтеріліске ұласқан оқиға барлық әлем назарын өзіне аударып қойды. Мектеп оқушылары хиджабтарын шешіп, тікелей эфирде шаштарын қырқа бастаған еді. Содан бері бірнеше айға созылған көтеріліс әлі тыңшымай тұр.

Иранда бір аптадай тыныштыла бастаған наразылық қайта кұшейген. Көтеріліс билікті қатаң шаралар қолдануға мәжбүрлеп, нәтижесінде арнайы жасақпен халық арасында қақтығыстар орын ала бастаған. Салдарынан бірнеше адам қаза тапты.

Олардың ішінде бейбіт, көтеріліске қатысы жоқ тұрғындар да бар. Оның біреуі – дүкенге отбасымен бара жатқан 10 жастағы бала. Әкесі де жараланған. Осындай жағдайларға байланысты, халық наразылығы тағы да туындап, көтеріліс одан бетер өрши түсті. Тіпті халыққа көптеген қалаларда оқ атылып жатыр.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінге дейін 367 адам қаза тауып, 1600 адам жарақат алған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін осы мәселе туралы ирантанушы Жәнібек Көпжасардан мән-жайды білген болатынбыз. Сол кездің өзінде ол халықтың билік өкілдеріне наразылығының басым екенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы