Иранның Натанз қаласы маңындағы болат зауытында көмірқышқыл газы бар цилиндр жарылып, жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ ISNA агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға Имамзаде ауданындағы Халидабад болат зауытында болған. Зардап шеккендердің барлығы – Ауғанстан азаматтары. Олар жақын маңдағы медициналық орталықтарға жеткізілді. Өкінішке қарай, тағы бір адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Жарылыстың нақты себептері әзірге анықталуда.
Айта кетейік, бұған дейін, 26 сәуірде Иранның Парсы шығанағы жағалауындағы теңіз портында да жарылыс болып, қауіпті жүктер мен химиялық заттар қоймасындағы от тұтанған. Бұл оқиғадан кейін жүздеген адам зардап шегіп, Бендер-Аббас қаласында төтенше жағдай жарияланған болатын.