Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Үкімет отырысында айтты.
Жаһандық бәсекелестіктің өсуі жағдайында инвестицияларды тартуды жаңа деңгейге шығару бойынша жұмыс істеудің жаңа тәсілі мен инвестициялық жобаларды күшейту бойынша жұмысты күшейтуді ұсынамыз. Инвесторларға жан-жақты қолдау көрсететін инвестициялық штаб құруды дұрыс деп санаймыз, - деді ол.
Мұхтар Тілеуберді аталған штаб қалай жұмыс істейтінін айтты.
Мемлекеттік органдар мен жеке бизнес инвесцияларға тапсырыс қалыптастырады. Ол «Kazakh invest» ұлттық компаниясында жинақталады. Бұдан әрі «Астана» халықаралық қаржы орталығының құзыреті бизнес-коннект базасында инвестицияларды верификациялау бөлігінде пайдаланылады. Одан өткен жобалар бойынша арнайы пул қалыптастыратын болады, - деді ол.
СІМ басшысы атап өткендей, штабтың міндеті-инвесторлардың жағдайын қамтамасыз ету бойынша нақты шешім қабылдау.