Астанада «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі» атты форум өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Форумға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ Премьер-министрдің бірінші орынбасары, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары, Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы, Парламент депутаттары, инвесторлар, бизнес қауымдастығы және БАҚ өкілдері қатысуда. Шет мемлекеттердің жоғарғы соттарының судьялары құрметті қонақ ретінде шақырылған.
Бүгінгі форум Президенттің бастамасы бойынша жария құқықтық дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде енгізілген әкімшілік әділеттің 5 жылдығына арналған. Мерейтойлы күнді есептеу азаматтың мемлекеттік азаматпен қарым-қатынастағы теңсіздікті теңестіруге мүмкіндік беретін әкімшілік рәсімдеу процесті қолданысқа енгізуден басталады. Оның қабылдануы – бұл жай ғана құқықтық новелла емес, адамның мемлекетпен өзара іс-қимыл философиясын өзгерткен стратегиялық шешім, - деп атап өтті форум тізгінін қолға алған Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев.
Сондай-ақ ол форумда Қазақстан Республикасында заманауи институционалдық ортаны қалыптастыру мәселелері талқыланатынын айтты.
Бұл – мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын арттырудың және бизнес тарапынан сенім қалыптастырудың маңызды кепілі. Назарымыз сот жүйесі мен мамандандырылған институттардың рөліне аударылады. Атап айтқанда, әкімшілік рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, инвесторлардың құқықтарын тиімді қорғау және инвестициялық қызметке байланысты дауларды шешу мәселелері сөз болады, - деді Жоғарғы сот төрағасы.
Еске салайық, бұған дейін Жоғарғы сот интернеттегі жала мен қорлауға қатысты жаңа қаулы қабылдады.