Инфекционист «омикрон» штамына тән белгілерді атады

8 Желтоқсан 2021, 15:45
1473
Бөлісу:
Инфекционист «омикрон» штамына тән белгілерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы инфекционист дәрігер Эльмира Әдішева хабарлады. Сондай-ақ ол вирустың жаңа штамына қатысты оптимистік көзқарасқа тоқталды.

Коронавирустың «омикрон» штамы дамудың екінші сатысынан өтіп, барынша жұқпалы, бірақ аз патогенділік деңгейіне жетті деген пікір бар. «Омикронға» қатысты сұрақ әлі көп. Алайда кейбір оған тән симптомдар белгілі. Жаңа штамға тән ерекшеліктердің бірі – ол коронавирустың осыған дейін белгілі болған штамдарына қарағанда, дәм мен иіс сезу жоғалмайды, - деді инфекционист дәрігер.

Сондай-ақ дәрігер жаңа штамм тұмауға ұқсайды деп отыр.

«Омикронға» тән симптомдар – жалпы әлсіздік, тамақтың ашуы, дене қызуының көтерілуі, дененің қақсап ауыруы мен құрғақ жөтел. Егер осы белгілерді байқасаңыз, бірден дәрігердің көмегіне жүгінгеніңіз жөн. Өздігіңізден диагноз қойып, ем қабылдауға болмайды, - деп атап өтті Эльмира Әдішева.

Дәрігердің айтуынша, жаңа штамды, сонымен қатар коронавирустың басқа да штамдарын жұқтырмауға профилактикалық іс-шараларды сақтау мен вакцинация ғана көмектеседі.

Еске сала кетейік, бұған дейін инфекционист дәрігер «Омикрон» штамының қауіптілігіне тоқталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы