Ақмола облысында Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне орай I, II және III топтағы мүгедектігі бар азаматтарға, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова редакциямыздың ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.
Оның айтуынша, әлеуметтік көмекті 25 103 адам алады. Әр азаматқа берілетін төлем мөлшері – 3 АЕК. 1 АЕК 4 325 теңге. Демек ақмолалықтарға 12 975 теңгеден беріледі.
Осы мақсатқа аудандық және қалалық бюджеттерден 325,7 млн теңге қарастырылған.
Мүгедектігі бар адамдар күні Қазақстанда қазан айының екінші жексенбісінде аталып өтеді. Бұл күн ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдау, олардың қоғамдағы құқықтары мен мүмкіндіктеріне назар аударуға бағытталған.
Еске сала кетейік, басқарма ақпаратынша, Ақмола облысында Қарттар күніне орай да әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілген. Ең төменгі және ең төменгі мөлшерден төмен зейнетақы алатын 26 582 зейнеткерге біржолғы әлеуметтік төлем берілген. Оның мөлшері де 3 АЕК. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 344,9 млн теңге бөлінген.
Бұған дейін Астана тұрғындарына 86 500 теңгеге дейін көмек берілетіні, өлемді кімдер алатыны хабарланды.