Трамп Украина мен Ресей арасында энергетикалық бітім жариялады

 x.com/whitehouse 11 Қазан 2026, 22:44
11 Қазан 2026, 22:44
263
Фото: x.com/whitehouse
АҚШ президенті Дональд Трамп 11 қазанда Украина мен Ресей энергетикалық нысандарға шабуылдарды тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді.

Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Осы сәттен бастап Ресей мен Украина арасындағы соғыста энергетикалық бітім күшіне енеді. Екі тарап та келісті. Оны бұзбаңыздар! – деді Трамп.

Әзірге Украина мен Ресей билігі бұл келісімнің шарттарын жеке растағаны туралы ақпарат жоқ.

Наверх