«Омикрон»: Жаңа штамм қаншалықты қауіпті?

8 Желтоқсан 2021, 15:29
2017
Бөлісу:
«Омикрон»: Жаңа штамм қаншалықты қауіпті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы инфекционист дәрігер Эльмира Әдішева хабарлады. Оның айтуынша, «омикрон» штамы «дельта» секілді өлімге алып келетіндей қауіпті емес.

Қолда бар деректерге сүйенсек, «омикрон» штамы «дельтаға» қарағанда қауіпті емес. Алайда қандай да бір тұжырым жасау үшін көбірек статистика мен ұзақ уақыт бақылау қажет. ДДСҰ COVID-19-дың жаңа штамын жұқтырғандарда аурудың ағымы туралы деректерді жинақтап жатыр. Аурудың барынша жеңіл ағымының үрдісі байқалуда, - деп атап өтті дәрігер.

Сонымен қатар ол «омикрон» штамының жеңіл өтетіндігі туралы қорытынды жасауға әлі ерте екендігін алға тартты.

Адамдар аурудың толық кезеңінен өтуі тиіс. Біз бұл штаммен ауырған қанша адамда ауру асқынатынын түсіну үшін бірнеше апта өтуі тиіс, - деп отыр Эльмира Әдішева.

Еске сала кетейік, бұған дейін инфекционист дәрігер вирустың неліктен мутацияға ұшырайтындығы туралы айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы